Жақында Сарқан аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті 4-ші отырысы өткізіліп, онда бірқатар лауазымды тұлғалар баяндама жасады.
Отырысты ашқан аталған кеңес төрағасы С.Садықов күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырған соң алғашқы баяндаманы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Өмірсадық жасады. Жандос Талғатұлы бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жан-жақты айта келе олардың кейбіреуіне жекелей тоқталды. Сондай-ақ «Сарқан ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобасын жария талқылау бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Сейпейов хабарлама жасады. Нәтижесінде жоғарыда айтылған аудандық мәслихат шешімінің жобасы бірауыздан келісілді. Баяндама жасаған басшыларға Қоғамдық кеңес мүшелері көтеріліп отырған мәселелер бойынша сауалдар жолдай келе бірқатар шаруаларды әлі де ширату қажеттігін тапсырды.
Өз тілшіміз.