
Мемлекет басшының бастамасымен 2022 жылы құрылған Ұлттық құрылтай қоғамдық консолидацияны дамытатын маңызды алаңға айналды. Құрылтай дәстүрінің қайта жаңғыруы халықтың ерік-жігерін біріктіріп, мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселелерді шешуді көздейді. Құрылтайдың жыл сайынғы жиынына тікелей төрағалық ететін Президент Қ.К. Тоқаев оның бірлік пен ұлттық құндылықтарды нығайтудағы рөлін ерекше атап өтеді.
Ұлттық құрылтай жанданғалы елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешім тауып келеді. Жыл өткен сайын тақырып аясы кеңіді, айтылатын салмақты ой ұлғайды. Алқалы жиында назарда болған кемшілікті түзету заң шеңберінде бекіп, қоғамның оң бағытқа бет алғанын байқаймыз
Б. Каримов,
Сарқан аудандық мансап орталығының ассистенті.
