Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 98-1-бабына сәйкес мәжбүрлі төлем жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамнан осы Кодекстің 98-2-бабында белгіленген тіркелген ақшалай сома түріндегі мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен өндіріп алады.
Сарқан ауданы прокуратурасы тарапынан мәжбүрлі төлемдерді өндіру бағытында келесідей іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Атап айтқанда, 2022 жылы аудан прокуратурасының ықпал етуімен жәбірленушілерге арналған өтемақы қорына төлеуге міндетті 30 тұлғадан барлығы 1 585 510 теңге өндіріп алынды.
Ағымдағы жылы жәбірленушілерге арналған өтемақы қорына төлеуге міндетті 28 тұлғадан барлығы 1 540 680 теңге өндіру жоспарлануда.
Өз кезегінде, қылмыстық құқық бұзушылықтан зардап шектен жәбірленушілерге көмек беру мақсатында аудан прокуратурасы тарапынан заңда белгіленген шектерде сотпен кінәлі деп танылған тұлғалармен өздеріне заңмен бекітілген мәжбүрлі төлемдерді уақытылы және толық төлеудің қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, заң талаптары орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабында тиісті әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы жиын қатысушыларына ескертілді.
Сарқан ауданының прокуратурасы.