Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасап, сәуірдің 2-сінде «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.
-Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда,-деп өз мәлімдемесінде ел Президенті дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне үш ай бойы қосымша үстемақы төленетінін жеткізген болатын. Айтылған сөз бүгінгі таңда іске асырылып, салықтық жүктемесі азайтылған кәсіпкерлер де мемлекет қамқорлығына ризашылығын білдіруде.
Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру туралыЖарлықта «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін» деп айқын көрсетілген.
Еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты қолға алынған бұл шара көпшілктің қолдауына ие болды. Себебі дүние жүзін дүрліктірген пандемияны ауыздықтау әлі де оңайға соқпай тұр. Бұл ретте ер азаматтың ел алдындағы басты парызы – Отанын қауіптен қорғап, қолдан келген көмегін беру. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!
Қадыл Жанасбеков,аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.