«Nur Otan» партиясын ќайта жањѓыру шењберінде Елбасы, партия тµраѓасы Н±рс±лтан Әбіш±лы Назарбаевтыњ берген тапсырмаларыныњ орындалу барысын, сондай-аќ, «Сенім. Диалог. Болашаќќа ныќ ќадам «Nur Otan» партиясыныњ 7 серпіні» баѓдарламасымен алда атќарылатын ж±мыстар мен міндеттерді талќылау аясында 25 аќпанда «Nur Otan» партиясы Алматы облыстыќ филиалы тµраѓасыныњ бірінші орынбасары Жанболат Жµргенбаев ауданымызѓа арнайы келді.
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен кездесуге аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаты, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, аудандық «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Марат Разбеков жүргізіп, Жанболат Әкебайұлына сөз берді.
2019 жылдың 21 тамызында өткен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында және 25 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен басқосуда «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың берген тапсырмаларын орындау басты мақсатымыз.
Ел дамуының жаңа биігіне ұмтылып, «Қазақстан 2050» Стратегиясы мен 100 нақты қадам Ұлт жоспарының іске асуына жұмыла қызмет етіп, еліміздің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарынан табылуына жұмыс жасау басты міндетіміз.
Бұл – партия Төрағасы, Елбасы-ның тапсырмасы, заман талабы. Көшбасшы партия ретінде, әр партия мүшесінің әрдайым басқаларға үлгі болып, елдің тыныштығын, ауыз бірлігін, экономикалық дамуын қамтамасыз ете білуі қажет. Партияластар, мүдделестер алдында тұрған міндеттер осындай.
Келесі сөз кезегін алған облыстық мәслихат депутаты Жамал Құлахметова партияның сара саясатының нәтижесінде атқарылған жұмыстарды жиналғандарға жеткізді.
Кездесу аясында партия күні қарсаңында партия қатарына салтанатты түрде қабылдау іс-шарасы және партия жақтастары мен белсенділерін марапаттау рәсімі жүзеге асырылды. Алғыс хаттар мен жаңа партиялық билеттерді «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев табыс етті.
Өз тілшіміз.