Сарқан ауданында Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасымен инфақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 1 млрд.603 млн. 551 мың теңге сомасына 45 жоба жоспарланған.
45 жобаға жалпы 427 уақытша жұмыс орны құрылады, оның 214 адамын жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тарту жоспарлануда.
Оның ішінде:
•Жол жөндеу жұмыстары бойынша 19 жобаға 83 адам жұмысқа тартылады.
•Білім бөлімінің мектептерін жөндеу жұмыстарына бойынша 20 жобаға 49 адам жұмысқа тартылады;
•Мәдени объектілер жөндеу жұмыс-тары бойынша 1 жобаға 33 адам жұмысқа тартылады;
•Тұрғын үй-коммуналдық объек-тілерін жөндеу жұмыстары бойынша 3 жобаға 18 адам жұмысқа тартылады;
•Сарқан қаласындағы 9 көп қабатты үйлердің алдын жөндеу жұмыстарына 1 жобаға 26 адам жұмысқа тартылады;
•Туризм саласын дамыту 1 жобаға 5 адам жұмысқа тартылады.