22 Наурыз күні күн мен түн теңеліп, төрт түлік мал төлдейтін, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай. Қыстың соңы, көктемнің басы жыл құстары келе бастайды. Сол себептен де табиғаттың тылсымы мен ғалам – ғажайыптарын терең ұғына білген ата-бабаларымыз бұл күнді Жыл басы деп есептеген. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтарға жақсы үлгі-өнеге ретінде қалыптасқан. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадыр-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдары орын алған.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде, Наурыз мейрамы тойланды. Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярландып, дастархан жайылды.
А.Құрмаш,