Жұртшылықпен жүздесті

     Жуырда Сарқан ауданының әкіміне үміткер Ғалымжан Маманбаев сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатындағы жұртшылықпен жүздесуін  Черкасск ауылында жалғастырды. «Ел мен жерді көркейту — басты парызым» атты бағдарламасын  ауыл тұрғындарына жан-жақты таныстырып, халықты толғандырған мәселелерге құлақ түріп, заң аясында жауап берді. Ғалымжан Қанатұлы сондай-ақ 5 қараша күні өтетін аудан әкімінің сайлауына бір кісідей ат салысып, қатысуға, сайлау  науқанының маңыздылығын, мемлекетіміздің қоғамдық-саяси дамуына әкелетін оң ықпалын түсіндіріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық, саяси өміріне елеулі өзгерістер енгізетін саяси науқанды бір кісідей қолдауға шақырды. Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, ой бөлісті.

Мәліметпен бөлісу: