Елбасының сындарлы саясатының арқасында еліміз өркендеп, жылдан жылға көркейіп келеді. Елімізде жыл сайын қаншама түйткілді мәселелердің түйіні шешіледі. Халық игілігі үшін қыруар жұмыстар атқарылуда. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын бұл жолғы Жолдау цифрлық дәуірге бейімделудегі негізгі 10 міндетті анықтап берді.
Олар:1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
7.Адами капитал – жаңғыру негізі.
8. Тиімді мемлекеттік басқару.
9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. Міне, алдымызда тұрған 10 міндет — осылар.
Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек. Осы міндеттерді толықтай орындап, мәңгілік ел екендігімізді төрткүл дүниеге танытсақ деген мақсат айқын. Елбасының халықты баспанамен қамту туралы шешімінің барша халықты еңбекке жұмылдырып, белсенділігін арттыруға серпін берері сөзсіз. Саусақ бірікпей ине ілікпейді деген бар. Бірігіп, бірлесіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, Жолдаудың жүзеге асырылуына атсалысуымыз керек. Сонда ғана дамыған 50 елдің қатарына енеміз.
Б.ЖАНТАСОВ,
«Нұр Отан» партиясы Сарқан аудандық филиалы есеп және
статистика секторының меңгерушісі.