Жыл қорытындысы ауданымыз үшін жемісті жетістіктерге толы. Жолдар мен су құбырлары жөнделіп, көне ғимараттар жаңартылып, жаңа балабақшалар ашылды. Жуырда Пограничник ауылдық ауруханасына жиналғандар осындай қуанышты сәтке куә болды. Аудан демографиясына үлес қосып, тұрғындар денсаулығын қорғау жолында өзіндік үлесі бар ауыл емханасына жаңа көлік табысталды.
Салтанатты шарада аудандық аурухананың бас дәрігері Алтай Шұлғаубаев, облыстық мәслихаттың депутаты Жамал Құлахметова сөз алып, адам жанының арашашыларына ізгі тілегін білдірді.
-Бүгін ақ халатты абзал жандар үшін қуанышты күн. Бізге 2005 жылы берілген «Жедел жәрдем» көлігінің әбден тозығы жеткен болатын. Халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында жаңа көлік алуымызға депутаттық сауал жолдап, нәтижеге қол жеткізген Жамал Ағабдолдақызына, бас дәрігер Алтай Қамиұлына алғысымыз шексіз,-дейді ауылдық дәрігерлік амбулаторияның бас дәрігері Әлмұрат Тәжиев.
Семей медицина институтының түлегі Әлмұрат Әбдікәрімұлы осы ауруханада ұзақ жыл терапевт болып, 1997 жылдан бері амбулаторияны басқаруда. Жаңа жылда заманауи ме-дициналық құрал-жабдықтармен, жаңа көлікпен қамтылған ауылдық емдеу ор-ны дәрігерлерінің алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік мол.
Ж.МАҚАТҰЛЫ.