Жаңа әкімге жауапкершілік жүктелді

Мамырдың 26-сында Алматы облысының әкімі  Амандық Баталовтың өкімімен Талғат Қанатұлы Қайнарбеков Сарқан ауданының әкімі болып тағайын-далды.

Сарқан ауданына арнайы келіп, аудандық мәслихаттың сессиясына қатысқан Амандық Ғаббасұлы бұған дейін ауданды басқарған Марат Разбековке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, депутаттарды осы лауазымға ұсынылып отырған болашақ әкімнің өмірбаянымен таныстырды. Сессияны  аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Абдрахманов жүргізіп, депутат Ермек Алинов әріптестері атынан сөз алды. Сессияда аудандық мәслихат депутаттары  өңір басшысы ұсынып отырған  жаңа әкімнің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Талғат Қанатұлы Қайнарбеков 1969 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тарих және қосымша мемлекеттік құқық пәнінің оқытушысы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономист, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Сарқан ауданы Көкөзек орта мектебінде мұғалім болып бас-тады. Әр жылдарда Сарқан ауданы Қарғалы орта мектебінде тарих және мемлекеттік құқық пәнінің мұғалімі, Алматы қаласында «Эльдорадо» ЖШС менеджері, Талдықорған қаласы әкімі аппараты өнеркәсіп, көлік және байланыс бөлімінің бастығы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Текелі қаласының әкімі, 2016 жылдың қарашасынан – Қапшағай қаласының әкімі болды.

Амандық Ғаббасұлы жаңа әкімге аграрлық ауданды ілгері бастыру жолында үлкен жауапкершілік жүктеді.

Жомарт ИГІМАН,

аудандық мәслихаттың

депутаты.

Мәліметпен бөлісу: