Жуырда аудандық халықтық штаб мүшесі Қарабөгет ауылында орын тепкен «Абылкасымов» шаруа қожалығы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, іс-шараға қатысушылардың сұрағына жауап берілді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының жалпыхалықтық референдум өткізу бастамасын қолдау мен еліміздегі энергия тапшылығы, энергетикалық тәуелсіздік мәселесінің өзектілігі айтылды.
– Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Нақтыласақ, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті дамытуға ықпал етеді, заманауи технологияларды енгізіп, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайтады. Айта кетейік, атом электр стансасы 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді, – деді штаб мүшесі.