Жаңа реформа – жаңа кезеңнің бастауы

   

2019 жыл ел тарихынан ойып тұрып орын алады. Екінші президент сайланды, мемлекет жаңа саяси кезеңге аяқ басты. Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті болып сайланғанына тура 3 жыл толды. Содан бері елде не өзгерді? Мемлекет басшысы қандай реформалар жасады?
Ұлт сенімін арқалап, ел билігін қолға алған Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Мемлекет басшысы қызметіне келгеніне биыл үш жыл. Халыққа жолдаған ең алғашқы Жолдауында қоғаммен ашық байланыс орнату, халықтың сұранысына дер кезінде үн қату, әлеуметтің әл-ауқатын арттыру, сот-құқық саласын жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат ұстану секілді бағыттарға басымдық берді.
Дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға артты. Зейнетақы мен жәрдемақы орта есеппен 15 пайызға көбейді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған 500 мың азаматтың берешегі өтелді. 1,2 млн адамның тұтынушылық несиелері бойынша өсімпұлдары шығын болып саналады. 2020 жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Мемлекет басшысы білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларын түбегейлі реформалауға бет алды.
2020 жылы халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне мынандай жаңалықтар енгізілді: 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау үлгісі реформаланды — оларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлене бастады, оның мөлшері бала санына байланысты, бірақ отбасының табысына байланысты емес.
Үкіметтік деңгейде әлеуметтік-еңбек саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған стратегиялық өзгерістердің бес жылдық және «бес реформалы» жоспары қабылданды.
Қазіргі реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайту.
Реформаның арқасында ауылдарға спорт кешендерін салу қолға алынды. Соның бір айғағы ауылымызда бұрын соңды болмаған жаңа үлгідегі спорт аланы, стадион салынды.
Жетісулықтардың көкейінде жүрген облыс орталығының шалғайлығы туралы мәселе  де шешімін табты. Ең бастысы ұлттың арда ұлы Дінмұхаммед Алматы облысының орталығы – Қапшағайға Қонаевтың есімімен атауды көпшілік қуана қабылдады.
Хакім Абай айтпақшы, «адамның адамшылығы істі қалайша бітіргендігінен емес, қалай бастағандығынан білінеді». Дөңгеленген дүние дүрмегінде батыл бастама оңайлықпен келмейді. Ол үшін ел басқарып отырған тұлғаға үлкен ерік-жігер мен халыққа деген шынайы сүйіспеншілік керек.Сондықтан Мемлекет басшысының халық болашағы жолындағы шешімді қадамдары бәрімізді әділеттікке, бірлікке, өркендеуге бастайтыны сөзсіз.Бүгінгі мемлекетіміздің дамуы – сындарлы саясат пен елдік ынтымақтың арқасы. Сондықтан да бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын.


 
Қойлық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Есиркеева Нұрғаным Капышовна

Мәліметпен бөлісу: