Жаңа технологиялар күнделікті өмірімізде


Цифрлық трансформация — ақпараттарды сақтау мен өңдеу саласының көкжиегін шексіз кеңітетін, ұтқыр байланыс пен миллиардтаған адамдарды өзара шырмап байланыстыратын қоғамның ғаламат мүмкіндіктерін көз алдыңызға елестетеді.

Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Біздің еліміз 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді. Мысалы, интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті.

Сонымен қатар биометриялық сәйкестендіру және QR-қолтаңба қызметтері енгізілуде, бұл электронды қызметтерді алу үдерісін едәуір жеңілдетті. 2024 жылы QR-кодтардың көмегімен 8 млн-нан астам қол қойылды, ал Digital ID жүйесі арқылы 18 млн-нан астам сәйкестендіру жүргізілді.

«Электронды үкімет» платформасын жетілдіру және жаңғырту процесі үздіксіз және үшінші нұсқаға көшудің белсенді кезеңінде. Жаңа eGov ЖИ технологияларын қолдану арқылы айтарлықтай тұрақты әрі ыңғайлы болады. 

Ж. ИГІМАН,

«Сарқан газеті» ЖШС директоры, Сарқан ауданының құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: