ЖАҢА ВАКАНСИЯ! КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ


Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы. Сарқан ауданы, Сарқан қаласының 6 мектептерінде «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» штатын 2024-2025 оқу жылынан бастап енгізуді жоспарлап отыр. Оқушыларға менторлық көмек көрсетемін деген жандарды конкурсқа қатысуға шақырамыз. Орын саны шектеулі!

Менторлардың функционалдық міндеттері:

− Білім беру үрдісінде этикалық тәрбие, заң үстемдігі қағидаттарын іске асыруға ықпал ету;

− Кемсітушілік, зорлық-зомбылық және құқыққа қарсы мінез-құлықтың барлық түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;

− Қазақстан халқының ұлттық-мәдени құндылықтарын басшылыққа алып, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету;

− Ақпараттық сауаттылық, мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету (әлеуметтік желілер, кәсіби қарым-қатынас, педагог-ата-ана коммуникациясы, оқушы-оқушы коммуникациясы);

− Білім алушылар арасында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал, қауіпсіз орта құру;

− Девиантты мінез-құлқы бар балалармен жеке жұмыс және т.б.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Педагогика, психология, әлеуметтану, саясаттану, құқық, журналистика сынды мамандықтар бойынша білімі бар және балалармен жұмыс, қоғаммен байланыс, азаматтық позиция, волонтерлік, қоғам белсендісі сияқты дағдылары болуы тиіс.

 Конкурсқа қатысуға өтініш 2024 жылдың 30 маусым күні сағат 18:00-ге дейін zhetysumentor@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады. Жіберу керек құжаттар: жеке куәлік, диплом, түйіндеме (толық жазылған) немесе өмірбаян, еңбек кітапшасы, жетістіктері (марапат, сертификат және т.б.). Қосымша сұрақтар бойынша: 87759491233; 87282414287 жобалық кеңсенің басшысы Атайбаева Мадина.

Егер құжаттар тізімі толық болмаған жағдайда өтініш қарастырылмайды.

Өтініш беруші барлық талаптарға сәйкес болған жағдайда үміткер ретінде тіркелгендігі туралы хабарлама жіберіледі. Егер кері байланыс болмаған жағдайда өтінім қабылданбады деп саналады. Өтінім жібере отырып шарттармен келісетіндігіңізді растайсыз.

Жұмыс уақыты: 5/2, 09:00 – 18:30-ға дейін. Қажеттілікке қарай қосымша жүктемелер болады. Жұмыс орны: Комиссия бекіткен мектеп базасында. Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметші ретінде тіркеледі. Педагогикалық еңбек өтілімі жүргізілмейді.

Объявление! Новая вакансия!

Управление общественного развития области Жетісу планирует ввести штат «Ментор по нравственно-правовой работе»  в 6 школах города Саркан, Сарканского района с 2024-2025 учебного года. Приглашаем всех желающих оказать менторскую помощь учащимся и принять участие в конкурсе. Количество мест ограничено

 Функциональные задачи менторов:

− Содействие реализации принципов этического воспитания, верховенства закона в образовательном процессе;

− Организация мероприятий по вопросам профилактики дискриминации, всех форм насилия и противоправного поведения;

− Содействие духовно-нравственному воспитанию учащихся с опорой на национально-культурные ценности народа Казахстана;

− Информационная грамотность, содействие формированию культуры (социальные сети, профессиональное общение, коммуникация педагог-родитель, коммуникация ученик-ученик);

− Создание благоприятного морально-психологического климата, безопасной среды среди обучающихся;

− Индивидуальная работа с детьми с девиантным поведением профилактика правонарушений среди подростков и т.д.

Требования к кандидатам: профильное образование в области педагогики, психологии, социологии, политологии, юриспруденции, журналистики и должен обладать навыками работы с детьми, связь с общественностью, гражданской позиции, волонтерства и общественного активиста.

Заявки на участие принимаются через электронную почту zhetysumentor@gmail.com до 18:00 ч. 30 июня 2024 года. Документы, которые необходимо отправить: удостоверение личности, диплом, резюме (полная информация) или автобиография, трудовая книжка, достижения (награда, сертификат и т. д.). За дополнительной информацией обращаться по номеру: 8 775 949 12 33; 87282 41 42 87 Атайбаева Мадина руководитель проектного офиса.

В случае если перечень документов неполный, заявление не рассматривается.

В случае соответствия заявителя всем требованиям направляется уведомление о регистрации в качестве претендента. В случае отсутствия обратной связи заявка считается отклоненной. Отправляя заявку, вы подтверждаете свое согласие с условиями.

Часы работы: 5/2, 09:00 – 18:30. Будут дополнительные нагрузки по мере необходимости. Место работы: на базе школы, утвержденной Комиссией. Регистрируется в качестве гражданского служащего в соответствии с Трудовым кодексом. Педагогический стаж не ведется.

Мәліметпен бөлісу: