Желтоқсанның 27-сінде №1 мектеп-гимназиясының спорт залында аудан әкімінің «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңажылдық шыршасы ұйымдастырылды. Биыл да аудан бойынша 120 оқушы аудан әкімдігі мен кәсіпкер Мират Абдрахимов ұсынған мерекелік сыйлыққа ие болды. Дәстүрлі мерекеде шырша иесі Марат Мелісұлы Разбеков өзін күткен балдыр-ғандардың ортасында болып, жаңажылдық қойылымды тамашалады.
Ертегі кейіпкерлері ғаламатқа толы бұл мейрамды әсерлендірді. Аяз ата мен Ақшақар келген сәттен бастап ортаға шығуға ұмтылған өнерпаздар қатары еселене түсті. Абай атындағы мектеп-гимназиясының «Шұғыла», балалар шығармашылық үйінің «Қызғалдақ» би топтарының, жекелеген талапты да талантты жауқазын әншілердің, көркемсөз оқушылардың өнер-лері жиналғандарды үйіріп алды. Барлық мектептерден келген оқушылар өнерлерін аяп қалған жоқ.
Мерекені қорытындылаған Марат Мелісұлы шырша қызығын тамашалауға мүмкіндік алған оқушыларға сый-сияпатын ұсынды.
Ж.Жомартұлы.