Жақсылыққа бастаған жаңа жыл 

Жаңа Жыл  халықтың зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі. Үлгі ауылына  2019 жыл берекелі, табысты жыл болды. Ауылымызда маңызды жобалар жүзеге асты. Айта кетсем, Тоқтасыновтар әулеті ауылымызға тойхана салып берді.

Жаңа жыл мерекесіне орай ауыл жастары бірігіп көше ортасына шырша құрып, ауыл адамдарына жақсы мерекелік көңіл сыйлады. Шырша маңына кішігірім дастархан жайылды. Әр отбасы  бір – бір сыйлықтары мен  келіп, мәре-сәре болып, бір-бірін  құттықтап жатты. Кеш қонақтары Аяз Ата мен Ақшақарға балалар тақпақтарын  оқып берсе, енді біреулері әндерін айтып, билер де  биленді. Аяз ата мен Ақшақар да сыйлықтарын таратып берді. Шара соңында ауыл жастарына  би кешін ұйымдастырдық.

Халқымызда ” Ескі жыл есірке, Жаңа жыл жарылқа” деген сөз бар. Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үмітіміз де, тілер тілегіміз де жетерлік.Үлгі ауылының тұрғындарының алға қойған жоспарлары аз емес, әлі талай мақсаттарымыз іске асады деген сенімдемін. Әрине, олардың барлығы ауыл үлкендері мен жастар біздердің  бірлігіміздің арқасында орындалады.

Жаңа 2020  жыл  Үлгі ауылының жұртына толайым  табысты болсын!  Жаңа жылдың берері мол болып, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!

Айкен Бимолданова,

 Үлгі ауылы.

Мәліметпен бөлісу: