Жаңғырудың негізі – жастардың қолында

Атадан қалған асыл мұрамызды тілімізді, дінімізді өз алдына қойған да, қазіргі ұрпақ яғни біз Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосып, биіктен көрсетуге тиіспіз. «Рухани жаңғыру» болса осы міндетті жүзеге асырудағы басты құралға айналды.

Ендеше еліміздегі келер ұрпақтың алдындағы ардың ісін арқалап жүрген зиялы қауым өкілдері тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын сүйсіне оқығаны анық. Олай дейтінім, мақаладағы «Тарихымыз, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен дініміз, әдебиетіміз біз сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ. Жалпы «Рухани жаңғыру» идеясы ұзақ мерзімге жоспарланған. Тұңғыш президентіміз осы жобаны жүзеге асыру арқылы халықтың санасын жаңғыртып, өркениетті қоғам құруды көздеді. Бұл ретте жастарға үлкен жауапкершіліктің артылып отырғанын айта кету керек. Біз жастар жан-жақты білімді де білікті, заманауи технологияларды меңгерген рухани жағынан өте бай болуымыз тиіс. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақстандық ашық университетті құру мен дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жастарды бәсекеге қабілетті өз мамандығының иесі ізденімпаз, жасампаз болуға жетелейді. Ендеше мәңгілік ел болудағы рухани жаңғырудың маңыздылығы, ұлттық сананы жаңғыртудағы жастардың ролі орасан зор болмақ.

Жаңғырудың негізі – жастардың қолында. Ендеше осы айтулы міндетті абыроймен атқарып, елімізді жаңаша жаңғыртуға жетелеп, жаңа белестерді бағындырамыз деген сенімдеміз.

Үміт АЙҚЫН,

Сарқан гуманитарлық колледжінің студенті.

Мәліметпен бөлісу: