Жаңғырудың жаңа бағыттарын нақтылайды

«– Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын. Жаңа құрылым Ұлттық кеңестің қызметін жалпыхалықтық деңгейде жалғастырады. Құрылтай қоғамдық диалогтің біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруы тиіс. Сөйтіп, билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналады. Қазіргі қоғамдық кеңестердің бәрін өз айналасына топтастырады,» – деді Президент Жолдауында.

Бұл — ескі мен жаңаны жалғаған бірегей шешім десек болатындай. Бабалар тәжірибесінде тағдыршешті таңдау мен күрмеулі кедергі алқалы жиында талқыланған.

          Құрылтай отырыстарында ұлттық және жаһандық сын-қатерлерді көрсететін мәселелер: әлеуметтік әділеттілік, экономикалық даму, білім, мәдениет, тарих, қоғамдық және ұлттық қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Бұл пікірталастар ағымдағы үрдістерді қамтып қана қоймай, сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайтып, Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуын негізге ала отырып, жаңғырудың жаңа бағыттарын нақтылайды.

Ф. Құсайынов,

Сарқан аудандық мансап орталығының ассистенті.

Мәліметпен бөлісу: