Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген мәселелері мен ұсынылған бағдарламалар күн сайын жер-жерде талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Сәуір айында Елбасының мақаласынан бастап жарты жылға созылған латын әліпбиіне көшу мәселесіне нүкте қойылды. Дүние жүзіндегі халықтардың 70 пайызы латын қарпіне көшкені белгілі. Сол себептен бұл бізге қажет дүние екені анық.
Рухани жаңғыруымыздың темірқазығына айналған латын әліпбиіне өту мәселесі өз шешімін тапты. Күні кеше Елбасымыз қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған дейін облысымыздың тоғыз ауданында болған Алматы облысының «Жаңа әліпби жаңа дәуір бастауы» атты ақпараттық тобы Сарқан ауданына да келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өңір халқымен кездесті. Топ қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы кең көлемде мәлімет беріп, тұрғындар санасындағы күмәнді сейілткені анық.
«Қазақ тілі өте бай тіл, латынға көшу арқылы біз соны көрсете аламыз. Біз осы жаңадан бастаған қадамымыздан жақсылық болмаса, жамандық көрмейміз»- деп үміттенемін.
Ж.МҰСАБАЕВА,
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығы КММ Сарқан аудандық филиалының меңгерушісі.