Жаныңда жүр жақсы адам…

Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс.

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір- біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. 2015 жылдың 9 қаңтарынан бастап Сарқан ауданы әкімінің өкімімен, Лепсі ауылдық округі әкімі лауазымына  Гүлнар Мұратқызы Серікбаева тағайындалған болатын. Осы бір 6 жылдың ішінде Гүлнар Мұратқызы бірталай игі істер атқарды. Ауылымыздың көркеюіне қолынан келгенше өз үлесін қосуда. Қашанда ана мен бала денсаулығы кез-келген қоғамда бірінші орында тұруы керек. Себебі, елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Олардың әлеуметтік өмір сүруі деңгейін арттыру да басты міндеттің бірі. Сондықтан, қай саланың қызметінде жүрсін көп балалы аналарға жеңілдіктер қарастыруға тиістіміз. Осы мақсатта Лепсі ауылдық округінде көпбалалы және аз қамтылған 9 отбасына ауыл тұрғындары, ауыл жастары, мекеме және ұжымдардың демеушілігімен  тұрғын үй сатып берілді. Атап айтсақ, Лепсі ауылдық округіне қарасты Көкжиде ауылының тұрғыны, көпбалалы отбасы Жаманбала Алмагүл, Лепсі ауылының тұрғындары, көпбалалы отбасылар Сарсембекова Эльмира, Джексембаева Айзада, Есенова Гүлзат, Саметова Саулет, Утепова Эльзираға тұрғын үй сатып берілді. Көпбалалы отбасы  Акишева Жанар, Жадикова Қарақат, Қондыбаева Даналарға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Елбасының тапсырмасымен аудан тарапынан тұрғын үй берілді.  Жаңа қоныс көпбалалы отбасына құт болып, осы шаңырақтан еліміздің игілігіне қызмет ететін перзенттер өсіп-өнсін дей келе, қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, қолдан келген жәрдемін ұсына  білген Гүлнар Мұратқызына көпшіліктің айтар алғыстары шексіз.

Сабыржан БАЙГЕНЖЕНОВ, 

ақсақалдар алқасының мүшесі, зейнеткер.

Мәліметпен бөлісу: