Қазақстан Республикасы-ның «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында, Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында 15 – 17 ақпан аралығында «Мәңгілік ел, Қазақстаным» атты тақырыпта, Республикалық Зияткерлік шахмат турнирінде дарынды, талантты 150 оқушы жарысқа қатысты. Осы турнирге Сарқан Балалар шығармашылық үйінің 8 жасар жас шахматисі бағын сынап, жас ерекшілігі жағынан барлық қарсыласын жеңіп, жүлделі І – орын иегері атанып, әділ – қазы алқаларының ұсынысымен 28 мамыр – 1 маусым 2018 жылы Түркия Республикасы, Анталия қаласында өтетін жарысқа жолдама алды. Осындай жетістікке жетудің себебі, тәлімгер ардагер ұстазы Ахметқалиев Аманғали Сапаұлының еңбегін ерекше атап өтуге болады. Балалар шығармашылық үйінің шахмат, дойбы үйірмелеріне 54 оқушы қатысады, соның ішінде 14 қыз бала, 40 ұл бала.
Ата – аналарға айтарымыз, шахмат, дойбы ойындары баланың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, оқушылар ойын арқылы өмірден көптеген мәліметтер алып, ой – сана сезімдерін жетілдіреді. Сонымен, шахмат, дойбы ойындары бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті сияқты көрінеді. Ол міндетті түрде екі адамның қатынасуымен іске асады. Қай жеңгені жеңімпаз болса, біреуі жеңіліс табуы тиіс. Ойынның ережелерін оқушылар сақтай отырып ойнаушылар арасындағы қиынды ой қабілетінің дамуы,бір — біріне деген сыйластық, қажеттіліктермен саналуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды.
Ұлы Абай айтқандай «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? – демекшідей, сол пікір бала өмірінде ойынның маңыздылығын шешуге көп әсерін береді. Төменгі буын ұрпақтарының психикасының дамуына шахмат, дойбы ойындарының әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар: Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыровтар өз еңбектерінде көрсете білген. Сол кісілердің тәлім – тәрбиесі ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді.Сондықтан, адам баласының дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қоры дамиды, білім сауаттылығы жалпы орта мектептерде берілетін, математика, физика, химия, геометрия сияқты пәндеріне шахмат, дойбы ойындарының көп көмегінің тигізерлігі анық.
Ал енді, басты кейіпкерлеріміз Бейбарысқа тілеріміз, дені сау, үлгілі – өнегелі оқушы болып, алдағы болатын жарыстардан олжалы табыспен оралуын аудан халқы күтеміз.
Г. Мукашева,
балалар шығармашылық үйінің әдіскері.