Жас дарындарға көрсетілер қолдаулар жеткілікті

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.

Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.

С. ЖАКУПОВ,

Алмалы орта мектебінің ұстазы.

Мәліметпен бөлісу: