Жас спортшылармен кездесу

Облыстық және аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде кездесу өткізді.  Сарқан өңірі чемпиондарға толы.

Біздің балалар еркін күрес, шаңғы спорты және спорттың ойын түрлері бойынша жүзден жүйрік. Жерлестеріміздің есімдері тек облыстық және республикалық деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейдегі түрлі жарыстарда жеңімпаздардың қатарында! Жақында Сарқандықтар болашақ футбол және бокс чемпиондарын дайындауды шындап қолға алды.

Паралимпиадалық спорт түрлері белсенді дамуда. Бұл істің берекелі болып, жеңісті күндердің көп болатынына кәміл сенемін! Бұл туралы бүгін ауданның балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары мен спортшылары айттып берді.

Жаттығу залдары мен секциялармен танысып, жаттықтырушылар штабы және жас спортшылармен әңгімелестім. Мектепте 13 секция бар, олардың әрқайсысында облыс және Қазақстан чемпиондары бар. Тек осы жылдың өзінде төрт тәрбиеленуші спорт шебері атанды, бірнеше жас бала джиу-джитсу және еркін күрестен ел чемпионы атанды. Жаңа алаң футболдың одан әрі танымал болуына және кәсіби командалардың қалыптасуына ықпал етеді, дейді спортшылар.

Мәліметпен бөлісу: