Жастар фестивалі

Жас ұрпақ – инновациялық әлеуетке ие қоғамның ерекше тобы. Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» бағдарламалық-стратегиялық құжатында «Еліміздің болашаққа деген жолын сіздер белгілейсіздер. Сіздер тәуелсіздік жағдайында тәрбиелендіңіздер, бізде ондай болмаған. Сіздің жаңа, тәуелсіз шешімдеріңіз – бүгінгі таңда біз үшін алыс және де қол жеткізбес болып көрінетін, бұл елдің жаңа мақсаттарға жетелейтін факторы» екенін айта келіп, «Мен сіздерге — жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деп жастарға зор үміт артты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығының»  ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпағы» атты ауданның белсенді жастарының қатысуымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Шара барысында жастар өкілдері тәуелсіздік кезеңінде еліміздің жеткен жетістіктері туралы, елімізде жастарға жасалынып жатқан барлық мүмкіндіктер туралы пікір алмасты.

Айым Ержан,

«Сарқан ауданының жастар  ресурстық орталығының» маманы.

Мәліметпен бөлісу: