
Қай кезде де жастарға үлкен жауапкершілік пен сенім артылады. Өйткені келешек солардың қолында. «Жасыңды көрсет, болашағыңды бажайлайын» деген шығыстық нақыл соның айғағы. Алысқа бармайық, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деген нақылында да үлкен мән бар. Бүгін біз ұрпақты қалай тәрбиелесек, қандай білім берсек болашақтың болмысы сондай болмақ.

Осындай тұшымды ойды «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Амангелді Есбай, Ғалиасқар Сарыбаев және өңірлік коалиция өкілі Гүлнар Тойлыбаевалар Сарқан ауданы жастарымен кездесуде сөз етті.
