Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан xалқына алғашқы Жолдауын жариялады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде азаматтық қоғамды қолдау, саяси трансформацияны жалғастыру, ішкі істер органдарын реформалау ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату сияқты өзекті мәселелерді көтерді.
Аталмыш мәселелердің қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз.
Жастар биылғы жолдаудан жаңа бағыттар, жаңа міндеттер, жаңа белестер күтеді. Ел дамуын көздейтін мәселелердің қатарына жастардың әлеуметтік жағдайын көтеру жағы да қарастырылған.
Президенттің Жолдауда көрсеткен барлық мақсаты орындалып, Қазақстан халқының табыспен өркендей беруіне тілектеспін.