Жастар жемқорлықпен күреседі

Өткен жұмада орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің және Сарқан ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қоғамдағы қауіпті кесел-сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны өткізілді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтардың форумында аудан әкімінің орынбасары Ғ.Маманбаев аталмыш шараға белсенділікпен атсалысқан бірқатар ұжымдарға аудан әкімінің алғыс хатын табыс етіп, марафон тізгінін Ақсу ауданына салтанатты түрде табыс етті. Өскелең ұрпақ алдында аудандық аналар кеңесінің төрайымы К.Қалиева, жастардың атынан Сарқан гуманитарлық колледжінің студенті Айқын Үміт сөз сөйлеп, ел болашағы-жас буынның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру туралы жарқын лебіздерін білдірді.

Марафон барысында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты флешмоб, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының сахналық көрінісі, «Жемқорлыққа жоқ де» атты стритбол ойыны, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес көптің ісі» атты дартц ойыны және «Адал жол» шеруі және шар ұшыру рәсімі т.б іс шаралар ұйымдастырылып, шараға жастар мен мемлекеттік қызметкерлер ерекше атсалысты. Көпшілікке шара соңында аудан өнерпаздары коцерттік бағдарламасын ұсынды.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: