Жастарымыз жүлде иеленді

2019 жылдың қыркүйек айының 27-28 күндері аралығында, еркін күрестен 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Сарқан ауданының Құрметті азаматы», «Құрметті спорт қызметкері» Баймаман Мырзақұлұлы Тлеубаевтің 70 жылдық мерейтойына арналған  Сарқан ауданының командалық ашық турнирі өтті.

Турнирге құрметті қонақтар есебінде еркін күрестен Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Танабаев Алтай және еркін күрестен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернаты директорының орынбасары Жұмағазиев Дәурен қатысты.  Облысымыздан 6 команда қатысып нәтижесінде Сарқан қаласының «Намыс» командасы жүлделі І-орынға ие болды. ІІ-орынды Ақсу ауданының командасы иеленсе, ІІІ-орынға Алакөл ауданының командасы табан тіреді. Жеңімпаздар жаттықтырушысы Д. Балабеков.

Ал  25-29 қыркүйек аралығында, бокстан 2002-2003 жылы туылған жастар арасында Алматы облысының чемпионаты өтті. Осы чемпинатта Сарқан ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Мәжен Ермұхан жүлделі ІІІ-орынға ие болды.  Жаттықтырушысы Клышбаев Рауан.

Сондай-ақ 20-23 қыркүйек күндері аралығында грек-рим күресінен Кербұлақ ауданы, Басши ауылында Алматы облысының чемпионаты өтті. Осы чемпионатта Аментай Тамерлан жүлделі ІІІ-орынға ие болды. Жаттықтырушысы М. Магамбетов.

Р. Кызайбаев,

БЖСМ әдіскері.

Мәліметпен бөлісу: