Жауапкершіліктен жалтарғандар жазаланады


Соңғы уақытта мүлік, көлік және басқа да салықтарды уақытында төлемейтіндердің көбеюі көңіл қынжылтады. Білместікпен уақытын өткізіп алатындармен қатар саналы түрде бірнеше жыл қатарынан мемлекет алдындағы борышын өтемейтіндердің барлығы жасырын жайт емес. Осы орайда жеке сот орындаушылары тәртіп сақшыларымен және басқа да мүдделі құзырлы мекеме қызметкерлерімен бірлесіп тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады. Аталған шаралардың мақсаты әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу. Әсіресе, ірі көлемде қарызы бар азаматтардан мәжбүрлі түрде айыппұлдарын өтету. 
Нәтижесінде жауапты қызметкерлердің бірлесе орындалған жұмыс өз жемісін беріп, мемлекет қазынасына қомақты қаржы өндіріп алынады. Сондықтан осындай шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Осындай шаралар барысында көптеген жайттар анықталып, жауапкершіліктен жалтарып жүргендер құрықталады. Негізінен салық төлеуден жалтарып жүргендер. Ал алимент төлемдері бүгінгі күні ең маңызды мәселе деп айтар едім. Қарызы, борышы бола тұра көлікпен емін-еркін жүреді. Нақты жайттар анықталғаннан кейін боышкердің көлігі айыппұл тұрағына қойылады. Сондықтан, аудан аумағында сайрандап жүрген осындай көліктерді анықтау мақсатында ұйымдастырылатын мұндай рейдтердің маңызы зор деп айтуға болады.
Рейдтік шара аясында сондай-ақ профилактикалық бағытта сұхбат жүргізіп, өзіне салынған әкімшілік айыппұлын төлеу жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізіледі. Нәтижесінде сол уақытта толығымен мемлекет пайдасына өндірді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша борышты өндіру жұмыстарын жандандыратын мұндай шаралар аудан аумағында тұрақты түрде өткізілетін болады.

А.ИМАНДУСАНОВ,
Жетісу облысы бойынша жеке сот орындаушысының палатасының жеке сот орындаушысы.

Мәліметпен бөлісу: