Жемқорлыққа қарсы отырыс өткізілді

Қазақстанда құқық қорғаушы-практиктердің тәжірибе алмасу және жемқорлыққа қарсы халықаралық күресті күшейту бойынша кездесуі өттіАстанада 25 елден қатысушыларды біріктірген экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) құқық қорғау органдарының жемқорлыққа қарсы желісінің 13-ші отырысы өтті.Тергеушілер, жедел қызметкерлер мен прокурорлар жоғары лауазымды жемқорлықты анықтау және тергеу, заңсыз шығарылған активтерді тәркілеу және қайтару тәжірибесімен бөлісті.Қазақстан өкілдері Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, АҚШ және басқа елдердің әріптестерімен кездесулер өткізді.Отырыстың негізгі тақырыптарының бірі қатарлас қаржылық тергеу жүргізу тәжірибесі және азаматтық тәркілеу құралдарын қолдану (айыптау үкімін шығармай) болды. ЭЫДҰ-ның парақорлық жөніндегі жұмыс тобы елдерінің тәжірибесінен табысты мысалдар қарастырылды.Қазақстан активтерді қайтару бойынша өз тәжірибесін ұсынды. Соңғы 2 жылда мемлекетке шамамен 2 млрд АҚШ доллары сомасына активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды.Семинарға қатысушыларға осы бағытта Қазақстан қабылдап жатқан шаралар таныстырылды. Атап айтқанда, ағымдағы жылы қабылданған «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң және жалпыға бірдей декларациялау аясында шенеуніктердің шығыстары мен кірістерін бақылау тетігі (негізсіз байыту үшін жауапкершілік).ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі әртүрлі елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерін интеграциялау өте маңызды және құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіруге тиіс деген ұстанымды ұстанады.Сыбайлас жемқорлықпен күресу және активтерді тәркілеу үшін тиімді құралдарды іздеу басым бағыттар болып қала береді.ЭЫДҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдары желісінің негізгі мақсаты жемқорлық істері бойынша жұмыс істейтін құқық қорғау органдарының мамандарына көмек көрсету, жемқорлық құқық бұзушылықтарды тергеудің әлеуетін нығайту және қазіргі заманғы әдістерін зерделеу, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы халықаралық ынтымақтастықты жандандыру болып табылады.

В Казахстане состоялась встреча правоохранителей-практиков по обмену опытом и усилению международной борьбы с коррупциейВ Астане прошло 13-ое заседание Антикоррупционной сети правоохранительных органов Организации экономического сотрудничества и развития (ОЭСР), объединившее участников из 25 стран.Следователи, оперативники и прокуроры поделились опытом выявления и расследования высокодолжностной коррупции, применения конфискации и возврата незаконно выведенных активов.Представители Казахстана провели встречи с коллегами из Европейского Союза, Великобритании, США и других стран.Одними из ключевых тем заседания явились практика проведения параллельных финансовых расследований и применение инструментов гражданской конфискации (без вынесения обвинительного приговора). Были рассмотрены успешные примеры из опыта стран Рабочей группы ОЭСР по взяточничеству. Казахстан представил свой опыт по возврату активов. За последние 2 года государству было возвращено активов и денежных средств на сумму порядка 2 млрд долларов США.Участникам семинара презентованы принимаемые Казахстаном меры в этом направлении. В частности принятый в текущем году Закон «О возврате государству незаконно приобретенных активов» и механизм контроля за расходами и доходами чиновников в рамках всеобщего декларирования (ответственность за необоснованное обогащение).Антикоррупционная сеть ОЭСР придерживается позиции, что интеграция антикоррупционных практик разных стран крайне важна и должна объединять усилия правоохранителей.Поиск эффективных инструментов для борьбы с коррупцией и конфискации активов остаются приоритетными направлениями.Отметим, что основной целью Сети правоохранительных органов Антикоррупционной сети ОЭСР является оказание помощи специалистам правоохранительных органов, работающим над коррупционными делами, укрепление потенциала и изучение современных методов расследования коррупционных правонарушений, а также активизация международного сотрудничества против коррупции.

Мәліметпен бөлісу: