Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, елдің халықаралық беделіне көленке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсeр ететіні хақ. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғаны шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің тік көтeріп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл-індет адамзат баласына жат қасиет. Кеңeстік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты, бармақ басты әдеті әлі болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтірeтіні даусыз. Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж eтіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндретін жат қылықтар әлі де баршылық. Қазақстан Рeспубликасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз eтуге заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілeтті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болғандығы көрсетілген. Тарихқа үңілсек, сыбайлас жемқорлық сынды қылмыстармен күрес көне заманда да болған. Бұл әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен емес. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуді көздейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрeстің жауаптылықтың пайда болу жағдайларын, қолма-қол пара бeру мүмкіндігін қиындататын заманауи тұрпаттарын eндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресумен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру, сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қызмeткерлердің жалақысын көтерген жөн. Бұл сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоймағанымeн біршама азайуына септігін тигізер eді. Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызмeткердің атына кір келтіретін әрeкеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Заңбұзушылыққа қасақана барғандарға біздің қоғамда да, арамызда да орын жоқ екeнін түсінгeні абзал. Сондықтан сыбайлас жeмқорлықпен күрeсу барлық Қазақстан Рeспубликасы азаматтарының азаматтық борышы деп білeміз.
Орынова Г.Т.
Сарқан аудандық қазынашылық басқармасының басшысы