Жемқорлықсыз ел – болашағы зор ел!

Сыбайлас жемқорлық бүгін немесе кеше пайда болған жоқ. Сонау ежелгі замандардан бері тамырына балта шабылмай ушырмауықтай қаптап қоғам санасын жайлап кеткен бұл дертке қарсы бүкіл әлем күрес жүргізуде. Басқа дамушы, дамыған елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрі қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып барады. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты халық өміріндегі маңызды салалардан бастап құқық қорғау органдары, еліміздің саяси өмірінде де бой көрсетіп жүр. Сыбайлас жемқорлықтың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына келтіретін зиянын талдайтын болсақ, халықтың басым бөлігі кедейленіп, нәтижесінде әлеуметтік теңсіздікке жол беріліп, қоғамдық- саяси тұрақсыздық қаупі күшейеді.
Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасалуы үнемі шексіз.
Сыбайлас жемқорлық ең қауіпті әлеуметтік құбылыс болып табылады. Ол ауқымды деңгейде экономикалық заңдарды шектейді және әлем қоғамында ел дәрежесін төмендетіп, шетел инвестицияларында ол үшін тиімді болатын жолдарда негізгі кедергілердің бірі болып табылады.
Егер адам өз-өзінен бастаса және өз арына адал болса, онда ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біздің елге үлкен және елеулі үлесін қосады. Сонда ғана біз, біздің еліміз сыбайлас жемқорлықсыз – болашағы зор ел деп батыл айта аламыз!

Г.ОРАЗҒАЛИЙҚЫЗЫ,
«Жоңғар Алатауы» МҰТП-ның ғылыми қызметкері.

Мәліметпен бөлісу: