Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің негізіне нұқсан келтіріп, экономикалық дамуын тежейді. Қылмыстық заңмен көрсетілген, субъектісі лауазымды тұлға болып саналатын, өзінің лауазымдық өкілеттілігін пайдалану мақсатында, жеке бас пайдасына жасалатын қоғамның дамуына кері әсер ететін өте қауіпті әрекет.
Ол үнемі терең зерттеуді, бақылауда ұстауды және оған қарсы тұруды қажет етеді. Мемлекет рухани және қаржы тапшылығын көріп отырғанда сыбайлас жемқорлықтың күшеюі мемлекеттік билік институттарын одан әрі әлсіретеді, азаматтардың оларға сенімін азайтады. Халықта әлеуметтік енжарлық қалыптасады, қоғамда агрессивтік қылықтар пайда болады.
Осыған орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған Заңмен қатар, мемлекеттік бағдарламалар, халықаралық стандарттарға сәйкес жемқорлыққа қарсы күрес саласында нормативтік құқықтық базалар қалыптастырылды.
Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген. Бұл ретте сыбайлас жемқорлықтың көрністерін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді жетілдіру тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Елдің экономикалық дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, демографиялық өсімнің тұрақты өсіп, қоғамда араздық туындамау үшін жемқорлықты жою – бәрімізге ортақ міндет.
Р.Жанатбек,
аудандық қазынашылық
басқармасының бас маман –
бас қазынашысы.