«Жерұйық» бағдарламасы


Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарамасы, тұрғын үй мәселесін тиімді шешу мақсатында әлеуметтік тұрғын үй салуға өңірлік бағдарлама әзірленгенін хабарлайды. Ауыл мамандарын қолдауға арналған «Жерұйық» өңірлік тұрғын үй бағдарламасына 2024 жылы облыстық бюджеттен 1,0 млрд. теңге қарастырылып, облыстық әкімдікпен «Отбасы банк» АК арасында кредиттік келісім-шарттар жасалып, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Аталған бағдарлама аудандық, ауылдық округтер тұрғындары, аграрлық сектор қызметкерлері, аудан әкімдіктеріне қарасты мемлекеттік кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген және білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау қызметкерлері, халықтың әлеуметтік осал топтары азаматтары қатыса алады.

Бұл бағдарлама облыс бойынша 66 отбасыға, оның ішінде  Сарқан ауданы — 7 отбасыға үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қатысушы шарттары: Бастапқы жарна 10%, қарыз соммасы 15,0 млн. теңге, сыйақы мөлшері — 5%. Соңғы 5 жылда иелігінде тұрғын үй болмауы және міндетті зейнетақы жарналарымен расталған соңғы жұмыс орнында    6 ай еңбек өтілінің болуы.

Программа «Жерұйық»

В областном департаменте энергетики и жилищно-коммунального хозяйства сообщают, что в целях эффективного решения жилищной проблемы разработана областная программа строительства социального жилья. В 2024 году 1,0 млрд. тенге были рассмотрены, заключены кредитные договоры между акиматом области и АО «Отбасы Банк», подписано соглашение о сотрудничестве.

В данной программе могут принять участие жители района и сельских округов, работники аграрного сектора, работающие на государственных предприятиях районных администраций и работники организаций образования и здравоохранения, граждане социально уязвимых групп населения.

Данная программа позволяет 66 семьям по всей области, в том числе 7 семьям Сарканского района, улучшить свои жилищные условия.

Условия участника: Первоначальный взнос 10%, сумма кредита 15,0 млн.тенге, сумма процентов — 5%. Для этого надо не иметь в собственности жилья в течение последних 5 лет и иметь стаж работы на последнем месте работы от 6 месяцев, подтвержденный обязательными пенсионными взносами.

Мәліметпен бөлісу: