«Жетісу-адалдық алаңы» жобасы аясында аудандық мобильдік топ түсіндірме жұмысын жүргізуде!
Аудандық мобильдік топ мүшелері 2019 жылдың 13-14 мамыр күндері аралығында ауданның 3 еңбек ұжымында болып, «Жетісу — адалдық алаңы» жобасы аясында азаматтарға жобаның басты мақсаттарымен таныстырып, құқықтық түсіндірме жұмыстарын және ұжым қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Электронды үкімет веб-порталын» қолдануды насихаттау бойынша 2019 жылға бекітілген жүйелі жоспарына сәйкес ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мобильді топ мүшелері агенттіктің бастамалары туралы алдағы уақытта барлық еңбек ұжымдарына аталған шараны жүргізуді жоспарлап отыр.
Айта кету керек, «Жетісу – адалдық алаңы» жобасының басты мақсаты болып сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, жалпыға ортақ сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру, Алматы облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру болып табылады.