Сарқан ауданында «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері т.б. мүшелерінен құралғын мобильді топ жұмыс істеуде.
Аталған мобильдік топ мүшелері 2019 жылдың 25-29 сәуір күндері аралығында ауданның 3 еңбек ұжымында болып, «Жетісу — адалдық алаңы» жобасы аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп, агенттіктің бастамалары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.