«Жетісу» ӘӘК монополияға қарсы органының хабарламасын орындады

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі-ӘМАТ) бағаны тұрақтандыру қызметтеріне қатысты жұмыс жүргізу барысында, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Өңірлік даму институты» АҚ (бұдан әрі-ӘКК) іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 194-бабында көзделген бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері, нарықтың жекелеген субъектілеріне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтар беру бөлігінде немесе бәсекелестікке қатысты қызметтің қолайсыз немесе кемсітушілік жағдайларын жасау белгілері байқалды.

ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін ӘКК қажетті саладағы нарық субъектілерімен (бұдан әрі-Қарыз алушы) қарыз шартын (бұдан әрі-Шарт) жасасады.

Өз кезегінде, Шарттағы тұрақсыздық айыбының пайызы мен мөлшері әр түрлі болды, бұл өз кезегінде Қарыз алушының тұрақсыздық айыбын төлеу мөлшерінің біркелкі есептелмеуіне әкелді. 

Осыған байланысты Департамент ӘКК атына әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберді.

Хабарламаға сәйкес, департамент барлық Қарыз алушылар үшін тұрақсыздық айыбын төлеу мөлшерінің бірдей есебін қамтамасыз ете отырып, Шарттарға өзгерістер енгізу жолымен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы талаптар қойды.

Бүгінгі күні бұл хабарлама орындалды.

Мәліметпен бөлісу: