Жетісу оқушыларына «Мектепке жол» акциясында 80 млн теңгеге жуық көмек көрсетілді


2024 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін аз қамтылған, көп балалы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету мақсатында оқу жылының басына дайындық кезеңінде «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі.
Бүгінде 79 млн. 838 мың 982 теңге сомасына 3 460 балаға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Жетісу облысы жаңа оқу жылына дайын. Бүгінгі таңда өңірде 791 білім беру мекемесі, оның ішінде 401 мектепке дейінгі ұйым бар.
«Өткен оқу жылында мектепті 128 906 оқушы аяқтады, ал жаңа 2024-2025 оқу жылында 129 мыңнан астам оқушыдан асады, оның ішінде 13 мыңнан астамы бірінші сыныпқа барады», — деп бөлісті облыстық Білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов.
Өңірде барлығы 5 білім беру нысаны салынуда, оның 2-уі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынуда. 1 нысанның құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.
Облыстың 316 мектебі 100% бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйелері 91 мемлекеттік балабақша мен 21 колледжде де жұмыс істейді.
Облыстың 48 мектебінің асханаларын жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 77,4 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жасалған шарттар шеңберінде жұмыстар жүргізілуде.
«Оқу материалдарына жедел қол жеткізуді, мектеп ғимаратына кіруді қамтамасыз ететін және тамақтану үшін төлем құралы болып табылатын оқушыларға арналған сәйкестендіру карточкалары жүйесін іске қосу» жүйесіне қосылу үшін 69 мектептің тізімі ұсынылды. Осы мақсатқа 195 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда облыс мектептерінде аппараттық-бағдарламалық кешен орнатыла бастады», — деп толықтырды Жетісу облысы Білім басқармасының басшысы.

Мәліметпен бөлісу: