Жетісу облыстық қоғамдық штаб мүшелері Сарқан аудандық орталық аурухана ұжымымен кездест

Апта басында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Жетісу облыстық қоғамдық штаб мүшелері Сарқан аудандық орталық аурухана ұжымымен кездесті.


Дәрігерлер қауымымен басқосуды аудандық штаб төрағасы Аслан Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы сөзді аудандық қоғамдық штаб мүшесі Жомарт Игіман алып, алда өтетін аса маңызды тарихи оқиға, саяси науқан – сайлаудың елімізді қоғамдық-саяси, экономикалық жағынан дамытудағы рөліне айшықтай келе, таңдау ел азаматтарының қолында. Яғни болашағымыз өз қолымызда.

Сондықтан саяси науқанға біркісідей қатысуымыз өте маңызды,- деді.
Ал Жетісу облыстық қоғамдық штаб мүшелері Арын Арыстанғали және Римма Салықова Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауындағы ел азаматтарының игілігін көздейтін бағыттарға кеңінен тоқталды. Әсіресе қоғамның осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік шаралар турасында, алда жүзеге асатын ауқымды саяси, экономикалық бағдарламалар жайында тарқатып айтты.
Ақ халаттылар тарапынан дәрігерлерге бірқатар артықшылықтар беретін «дәрігер куәлігі» енгізілсе, еңбекақысы аз басқа да сала өкілдерінің жалақысы көтерсе деген сынды ұсыныстар жолданды.


Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: