Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 64 аудиторлық іс-шара өткізді, оның ішінде 37 іс-шара мемлекеттік мекемелерде және 27 іс-шара квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өткізілді.
Белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 9,5 млрд. Теңгені құрады, оның ішінде 5,6 млрд. теңге қаржылық бұзушылықтар және 3,8 млрд. теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке 893,9 млн. теңге өтелді — 90,1 млн теңге тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жолымен қалпына келтірілгені — 257,3 млн.теңге және есепке алу бойынша көрсетілгені- 4,9 млрд. теңге.
Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау мақсатында есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша аудит объектілеріне 62 нұсқама жіберілді.
Департамент есепті кезеңде 20 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 3,5 млн теңге сомасына әкімшілік жаза қолданылды бюджетке толығымен өндірілді.
Аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 50 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлға атқаратын лауазымынан босатылды
Жүргізілген мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкестік аудиттерінің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 936,7 млн теңгеге 50 мемлекеттік сатып алу лоты қамтылды, оның ішінде жалпы сомасы 930,8 млн теңгеге 49 лот бойынша бұзушылықтар анықталды.
Жоспарлау, талдау, есептілік
және сапалы бақылау бөлімінің
басшысы
Ж. Шаймерденов