«Бизнеске жол» жобасы аясында Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірдегі бизнесті дамыту мақсатында, әкімшілік кедергілерді шешу бойынша шаралар қабылдауда.
Білім беру саласындағы уәкілетті органымен экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің өзгеруіне байланысты (163-тен 159-ға) кәсіпкерлерді мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қаржыландыруды тоқтатқаны анықталды.
Антикор орталығында барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс кеңесі өткізіліп, кәсіпкерлердің қызметін қаржыландыруды тоқтата тұру себептері талқыланды.
Департаменттің енгізілген ұсынымдарының нәтижелері бойынша, сондай-ақ балаларды үздіксіз тамақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында 275 кәсіпкермен шарт ұзартылды.
Осылайша, бизнес үшін әкімшілік кедергі жойылып, Жетісу саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін неғұрлым қолайлы орта құрылды.