Жетісу облысы Әділет департаменті: Жыл қорытындысы және «Робот сот орындаушы» жобасын енгізу

2024 жылы Әділет департаменті шалғайдағы ауылдық елді мекендерде 65-ке жуық «Құқықтық кабинетін» ашты, бұл жергілікті тұрғындар үшін құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етті. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің басшысы Ержан Еркенов Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында айтты.
11 айда 471 заңды тұлға тіркеліп, 1226 апостиль қойылды. Зияткерлік меншік саласында тексерулер жүргізілді, құқық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ географиялық көрсеткіштерді тіркеуге 6 өтінім берілді.
Қарыздармен күрес аясында «Робот сот орындаушысы» жобасы енгізілді, ол айыппұлдарды өндіріп алу процесін жеңілдетеді және азаматтардың қаражатын үнемдейді. Іске қосылған сәттен бастап облыс аумағында 1983 жеңілдетілген өндіріс қозғалды, бұл бюджетке 15 млн теңгені қайтаруға мүмкіндік берді.
Департамент құқықтық насихатты белсенді жүргізуде, ағымдағы жылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған 280-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ 4367 азаматқа тегін заңгерлік қолдау көрсетілді.


Мәліметпен бөлісу: