Жетісу облысында грант алған 124 астам кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды


Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірдегі бизнесті дамыту мақсатында әкімшілік кедергілерді шешу 124 астам кәсіпкерлердің құқықтары қорғады.

Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлерге гранттар беру кезінде іске асыру мерзімі негізсіз 18 айдан 12 айға дейін қысқартылды.

Үкіметтің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысына сәйкес, бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 18 айды құрайды.

Жобаларды іске асыру мерзімін заңсыз қысқарту кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызды.

Департаменттің ұсынысы бойынша шарттар сәйкестендірліп , іске асыру мерзімі 18 айға дейін ұзартылды.

Осылайша, бизнес үшін әкімшілік кедергі жойылып, Жетісу облыста саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қолайлы орта құрылды.

Мәліметпен бөлісу: