Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстары жүргізілді

2023 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті превенция басқармасының офицері Мақпал Бекқұлова Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұжымымен кездесті.

Тыңдаушылардың назарына 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша, тиісті Жоспарда белгіленген бірқатар іс-шаралар түсіндірілді.

2023 жылғы 03 қаңтардағы Мемлекет басшысы қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы тыңдаушылардың назарына жеткізілді.

Заң жобасының негізгі міндеттері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және оларға теңестірілген адамдардың негізсіз байытылуын бақылаудың алдын алу шаралары арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды, оның ішінде олардың еңбек құқықтарына нұқсан келтіруден және ұсынылған ақпараттың құпиялылығынан кепілдіктер арқылы тиісті қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Кездесу соңында Антикор өкілі негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен телефон хабарламаларына жедел мән беруді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау болып табылатын Агенттіктің 1424 Колл-орталығы жұмысының басымдығын атап өтті.

Мәліметпен бөлісу: