Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстары жүргізілді

2023 жылғы 15 ақпанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті превенция басқармасының офицері Мақпал Бекқұлова Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұжымымен кездесті. Кездесудің мақсаты 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеудің негізгі қағидаттары мен әдістерін түсіндіру болды.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 03 қаңтарда Мемлекет басшысы қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерге өзгерістер тыңдаушылардың назарына жеткізілді. Заң жобасының негізгі міндеттері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және оларға теңестірілген адамдардың негізсіз байытылуын бақылаудың алдын алу шаралары арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды, оның ішінде олардың еңбек құқықтарына нұқсан келтіруден және ұсынылған ақпараттың құпиялылығынан кепілдіктер арқылы тиісті қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Кездесу соңында Антикор өкілі негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен телефон хабарламаларына жедел мән беруді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау болып табылатын Агенттіктің 1424 Колл-орталығы жұмысының басымдығын атап өтті.

Мәліметпен бөлісу: