Жетісу облысында вегатациялық кезең сәтті өтуде


Жетісу облысында вегатациялық кезең өтуде, биыл шаруалардан 2 шағым түсті. Проблемалық жағдайлар қысқа мерзімде шешіліп суармалы су беру қалпына келтірілді. Мұндай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жетісу филиалының директоры Саят Құдайбергенов бөлісті.
Жалпы облыста 4 қойма бар, атап айтсақ, Алмалы, Ақешкі, Ащыбұлақ, Қызылағаш су қоймалары. Сонымен қатар бүгінде Қызылағаш су қоймасы пайдалануға беруге құжаттар дайындалуда. Вегетациялық кезеңде суармалы су беруге бекітілген жоспар көлемі 1 007 543,7 мың м3 орындалып 146 592 гектар тұрақты сумен қамтамасыз етілді. Жыл сайын филиал мамандары суару желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Сондай ақ облыс бойынша су шаруашылығы жүйесін жақсарту бойынша бірқатар іс шаралар жүргізілуде:

  • Ескелді ауданындағы Алмалы, Ақешкі, Ашыбұлақ су қоймаларын, Алакөл ауданындағы Тентек өзеніндегі су тарту су торабын, Ақсу ауданындағы Биен өзеніндегі су торабын, Қаратал ауданындағы Үштөбе магистральдық каналын қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде;
  • Ақсу, Алакөл, Ескелді, Панфилов аудандарында жаңа су қоймаларын салуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде;
  • Көксу ауданында «Көксу ауданының суару желілерін реконструкциялау» жобасы жүзеге асырылуда.

Мәліметпен бөлісу: