
Жетісу облысында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биыл жаңа құжаттар әзірлеу жоспарланған, олардың қатарында — өңірдің кешенді қала құрылысы схемасы, сондай-ақ Текелі қаласы, Алакөл, Кербұлақ, Сарқан және Қаратал аудандарының бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бар.
Айта кету керек, басқарма тарапынан облыстың барлық елді мекендерінің электрондық картасы әзірленді. Ол «Құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталын толықтыру және жаңарту үшін пайдаланылады. Осы жұмыс аясында елді мекендердің мекенжайларының түгендеуі жүргізілді, ал жаңартылған деректер тұрақты түрде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіне жолданып отырады.
Басқарма уақытылы мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Оның ішінде культтік ғимараттарды салуға және қайта бейіндеуге рұқсаттар беру, сондай-ақ нысандарды сүру бойынша кешенді жұмыстарды ұйымдастыру бар.