Жетісуда оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 583 фактісі тіркелген

Алматы облысында өткен тәулікте тағы да 252 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 42 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 40-ы оқушылар арасында тіркелген.
Жалпы, 2021 жылғы 1-17 қыркүйек аралығында оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 583 фактісі тіркелген. 214 бала жазғы демалыс кезінде ңндет жұқтырса, 355-і оффлайн оқыту барысында кеселге шалдыққан. Вирус жұқтырудың 14 дерегі онлайн оқу кезінде анықталған.
Ал педагогтер арасында 2021 жылғы 1-17 қыркүйек аралығында облыс бойынша КВИ-мен ауырғандардың 88 жағдайы тіркелді, оның ішінде 32 педагог жазғы демалыс кезінде ауырып қалды.

Бүгінгі күні, облыстың 167 мектебінің 341 сыныпқа карантин енгізу туралы 295 қаулысы шығарылды және 5042 оқушы қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылды.



Мәліметпен бөлісу: