«Жетісугазсервис» мемлекеттік кәсіпорнына монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін нұсқама шығарылды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Жетісугазсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады.

Анықталған бұзушылықтар монополияға қарсы органмен келісілмеген, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына қайшы келетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға қатысты.

Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік кәсіпорындар, жарғылық капиталында акциялардың елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар өз қызметін кез келген кеңейту немесе өзгерту кезінде монополияға қарсы органнан келісім алу талап етіледі. Сондай-ақ, осы субъектілер жүзеге асыра алатын қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітілуі тиіс.

Алайда, «Жетісугазсервис» жүргізетін қызмет ҚР Үкіметі 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысымен белгіленген тізбеге сәйкес келмеді. Бұл бұзушылық Департаменттің жедел әрекет етуін талап етті.

Нәтижесінде Департамент монополияға қарсы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою мақсатында «Жетісугазсервиске» нұсқама шығарды.

Нұсқаманы кәсіпорын уақтылы орындады, бұл оның бәсекелестікті қорғау саласындағы қолданыстағы нормалар мен ережелерді сақтауға деген ұмтылысын көрсетеді.

Мәліметпен бөлісу: